2023-2024 оқу жылына IT лицей 7-сыныпқа конкурс негізінде құжаттар қабылдайды.
Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2023жылғы 1 ақпан - сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді.
Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН (қосымшада) көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі
3) үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған анықтамасы;
4) Үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті
5) Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Емтихан 15 мамыр - 15 маусым аралығында өтеді.
Конкурс офлайн (тестілеу) режимінде өтеді
7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:
Математика және логика – 55 сұрақ
Қазақстан тарихы – 10 сұрақ
Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ
Тапсырмаларды шешуге бөлінген уақыт 7 сыныпта - 120 минут (тест материалдарын тарату, жауап парағының бөлімдерін толтыру,сондай-ақ көрсетілген уақытқа түсіндіру жұмыстары кірмейді.