5-қазан күні қаламыздағы «АТАМЕКЕН» өнер ордасында «ҰСТАЗ - ТАРИХ ПЕН БОЛАШАҚТЫҢ КӨПІРІ» атты мерекелік шара өткізілді.
Шараға облыс әкімі Н.Төреғалиев, білім басқармасының басшысы Е.Сафуллин және сала ардагерлері мен ұстаздар және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Атаулы шарада БҚО әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін лицейіміздің математика пәні мұғалімі Мусагалиева Гульнафис Куанышевнаға табыстады.
Бұл төсбелгінің иегері үлкен жүрек пен асқан білімділік, шынайы шеберлік бір сөзбен айтқанда өз мамандығының хас шебері болуы тиіс.
Жетістігініз тағы да құтты болсын!