Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында 2024-2025 оқу жылының 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім — мейірімділік мекені» атты салтанатты жиын болып өтті.
Салтанатты шарада мектеп директоры Ж.М.Шонбаев мектеп шәкірттері мен ұстаздарға мерейі үстем жыл болуына 11-сынып оқушыларына биылғы оқу жылында білімнің асқақ шыңына көтеріліп, мол табыстар мен ізденістерге жете берулеріне тілектестігін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Сонымен қатар салтанатты жиынға қатысқан Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының бас маманы Сырымова Аяжан Бауыржановна ұстаздар мен ата-аналарды, оқушыларды мерекелерімен құттықтай отырып, толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді.
Мерекелік жиын мектеп оқушыларының ән-би номерлерімен жалғасын тауып, жаңа 2024-2025 оқу жылының алғашқы қоңырауы да соғылды. Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу лицейіміздің 8-сынып оқушысы “Зерде “- ғылыми зерттеу жобалар сайысының облыстық және республикалық кезеңдерінің 1 орын иегері Калимеден Гүлсанат Ерболқызы мен биылғы оқу жылының түлегі, «Үздік аттесатқа» үміткер, Физика пәнінен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезенінің екі дүркін жеңімпазы, сондай-ақ күні кеше өткен мамандандырылған білім беру ұйымдарының 10-11 сыныптар арасында өткізілген «Қазақстан Білім Олимпиадасында» физика пәні бойынша 1 дәрежелі дипломмен марапатталған Аманғали Ақылбекке берілді.