2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай мектеп педагогтеріне арналған “ІІ Педагогикалық триумф - 2024” жыл қорытындысы кеші өткізілді. Шараға мектеп қызметкерлері, мұғалімдер және «Түлектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жангалиев Ринат Жұмагелдиевич кеш қонағы ретінде қатысты. Аталған шараның өтуіне демеушілік көрсеткен «Түлектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Қамқоршылық кеңес» ұйымының мүшелері, ата-аналар Таудаев Асылбек Аманғалиұлы мен Кенесова Гүлсара Борисқызы және «Форте банк» АҚ.
2023-2024 оқу жылы лицейіміз үшін табысты жыл болды. Дарынды оқушыларымыз бен талантты ұстаздарымыз облыстық және республикалық байқауларға, пән олимпиадасы мен ғылыми жобалар байқауларына, шығармашылық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жыл бойы оздырылған мектепішілік оқу-тәрбиелік шараларда шәкірттерге білім мен тәрбиені қатар беріп, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл ұстаздарымыз бен мектеп қызметкерлерінің арқасында жеткен жетістіктеріміз аз емес. “Педагогикалық триумф” кешінің мақсаты да – мектеп мұғалімдері мен қызметкерлердің еңбегіне құрмет көрсетіп, үздіктерді марапаттау.
«Педагогикалық триумф» кешін мектеп директоры Жеңіс Меңдіғалиұлы құттықтау сөзімен бастап, оқу жылындағы мектеп жұмысын ілгерілетудегі еңбектері үшін оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Иманғалиева Ансаған Сабырғалиқызына, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Ихсанова Бибігүл Жанашқызына, ақпараттандыру жөніндегі директордың орынбасары Галиева Роза Берікқызына, бағдарлы оқыту жөніндегі директордың орынбасары Гиниятова Айгүл Мұратқызына, мектеп-интернат меңгерушісі Райымова Құралай Юнусқызына және кадр жөніндегі инспекторы Идигеева Балжан Бекболатқызына «Алғыс хаттар» мен қаржылай сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, БҚО Білім басқармасының әдістемелік орталығының өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беруде қол жеткізген кәсіби табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін берілген «Алғыс хаты» информатика пәні мұғалімі Кожахметова Ляззат Асылбекқызына, «Құрмет грамотасы» физика пәні мұғалімі Жасталап Әсел Талғатқызына табысталды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин төсбелгісін» білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастырудағы және жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз етудегі айтарлықтай табыстары үшін тәжірибелі ұстаз, «Үздік педагог-2021» Республикалық байқауының жеңімпазы, «Еңбек ардагері» төсбелгісінің иегері, физика пәні мұғалімі педагог-шебер Даметкен Баенқызына табыстады.
Кеш барысында лотерея ойыны ойнатылып, берілген билеттегі реттік номер бойынша ұтыс ойнатылып, бағалы сыйлықтар иелеріне табысталды.
«Педагогикалық триумф аталымдары бойынша қарастырылған критерийлерге сәйкес мұғалімдердің жалпы ұпайлары есептеліп, он аталым бойынша марапатталды. Әрбір аталым бойынша қарастырылатын критерийлерге сәйкес үш үміткер анықталып, марапатталды. Олардың ішінен ең үздік көрсеткіші бар ұстаз жеңімпаз атанды.
- ҮЗДІК ПӘН МҰҒАЛІМІ аталымымен сабақ беретін сынып оқушыларының дауыс беруі, пән бойынша өткізілген ашық сабағы мен сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруы, жыл бойы мектептің оқу-тәрбие шараларына белсене қатысуы, қоғамдық жұмыстардың бастамашысы болуымен көзге түскен дене шынықтыру пәні мұғалімі Ишанов Ақжан Жасқайратович марапатталды.
- ҮЗДІК ЖЕТЕКШІ аталымымен дарынды балалармен жұмысты іске асыруда оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандырып, пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар байқауларына оқушылардың сапалы дайындығын ұйымдастырғаны үшін химия пәні мұғалімі Қоныспай Райхан Қуанышқызы марапатталды.
- ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИК - жыл қорытындысы бойынша ұйымдастырылған «Менің шығармашылық жетістігім» тақырыбындағы бейнероликтер байқауында өзіндік педагогикалық идеясы мен шығармашылығын үздік таныстырғаны үшін ағылшын тілі пәні мұғалімі Сагинова Гүлсезім Жұбатқызы марапатталды.
- ҮЗДІК ЖОСПАРЛАУ аталымы бойынша оқу жылындағы толтыруға міндетті іс-құжаттарды мерзімімен орындап, сабақ жоспарлары мен күнделік журналын жүргізудегі жауапкершілігі үшін ағылшын тілі пәні мұғалімі Дюсенгалиева Гульнара Аиповна марапатталды.
- ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ аталымымен сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, әрбір білім алушының оқу үлгерімі мен тәртібіне қамқорлық көрсетіп, адамгершілік құндылықтарды, әдеп-этикалық міндеттерді қалыптастырғаны үшін 9А сыныбының сынып жетекшісі Сундетова Назира Мирбековна марапатталды.
- ҮЗДІК ЖАС МАМАН аталымы бойынша жас ұстаздар арасында өзінің білімі мен кәсіби шеберлігін көрсетіп, жүктелген міндеттерді сапалы орындап, іскерлігі және шығармашылығымен мектептің қоғамдық шараларына белсенді қатысқаны үшін физика пәні мұғалімі Жасталап Әсел Талғатқызы марапатталды.
- ҮЗДІК ТЕСТ ҚҰРАСТЫРУШЫ аталымымен білім алушылардың үлгерімін, оқу материалдарының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау үшін өткізілетін ағымдық сынама тестілеу тапсырмаларын талапқа сай дайындағаны үшін информатика пәні мұғалімі Мухамбеткалиев Ораз Жалғасович марапатталды.
- ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕР аталымымен мектептің оқу үдерісін оңтайландырып, мектеп оқушылары мен интернат тәрбиеленушілерінің рухани және адамгершілік қасиеттерін дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ерекше еңбегі үшін мектептің жабдықтау жөніндегі инженері Хамзин Махат Серікұлы марапатталды.
- ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ аталымымен жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, интернат тәрбиеленушілерінің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы ерекше еңбегі үшін мектеп-интернат тәрбиешісі Ерболатова Жемис Кисеевна марапатталды.
- ҮЗДІК ҰЖЫМДЫҚ ЖҰМЫС аталымымен мектепішілік шараларды белсенді ұйымдастырып, әдістемелік пән апталығында шығармашылық белсенділіктерін көрсеткені үшін жаратылыстану пәні мұғалімдері ұжымы марапатталды.
- «Ең үздік мұғалім – 2024» аталымына ие болған 2023-2024 оқу жылындағы педагогикалық шеберлігі, шығармашылық ізденісі және білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Имангалиева Асылзада Каженовна марапатталды.
«Түлектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Қамқоршылық кеңес» мүшелері ата-аналар Таудаев Асылбек Аманғалиұлы мен Кенесова Гүлсара Борисқызы және ForteBank АҚ демеушілігімен марапатталған ұстаздарымызға қаржылай сыйлықтар табысталды.