8-16 қазан күндері аралығында мектеп-лицейіміздің оқушылары арасында “Жас Ұлан” ұйымының көшбасшылығына үміткерлікке байқау жарияланған болатын.
Көшбасшылыққа үміткерлікке 3 оқушы: Асқар Лэйла(9 сынып),Жұбаныш Айназ(9 сынып),Сүндет Айзере (9 сынып)өз кандидатураларын ұсынды. Байқауға қатысқан үміткерлердің бағдарламары негізінде 16 қазан күні сайлау болды. “Жас Ұлан” ұйымының көшбасшылығына сайлау ашық әрі жария сипатында өткізілді. Дауыс беру санитарлық талаптарды сақтай отыра, әділ түрде өтуі лицей әкімшілігі тарапынан қадағаланды. Сайлау нәтижесінде: Асқар Лэйла 8,3% дауыс Жұбаныш Айназ 37,28% дауыс Сүндет Айзере 63,7% дауыс “Жас Ұлан” ұйымының көшбасшы болып Сүндет Айзере тағайындалды.