8-16 қазан күндері аралығында мектеп-лицейіміздің оқушылары арасында “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылығына үміткерлікке байқау жарияланған болатын.
Көшбасшылыққа үміткерлікке 3 оқушы: Болатов Алпамыс(10 сынып),Нұржан Аяулым(10 сынып),Байболат Аққу (9 сынып)өз кандидатураларын ұсынды. Байқауға қатысқан үміткерлердің бағдарламары негізінде 16 қазан күні сайлау болды. “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару органының көшбасшылығына сайлау ашық әрі жария сипатында өткізілді. Дауыс беру санитарлық талаптарды сақтай отыра, әділ түрде өтуі лицей әкімшілігі тарапынан қадағаланды. Сайлау нәтижесінде: Болатов Алпамыс 67,1% дауыс Байболат Аққу 17,5% дауыс Нұржан Аяулым 15,4% дауыс “Мектеп парламенті” өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы болып Болатов Алпамыс тағайындалды.