Жаратылыстану пәндері апталығының жоспарына сәйкес 10 сәуір география пәніне арналды.
Шара барысы оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 7-сыныптардың қатысумен ақылды үзіліс уақытында «Ел танимыз» атты интеллектуалды боулинг ойынымен басталды. Елтану бағытындағы сұрақтарға дұрыс, әрі дәлелді жауап берген оқушылар мадақталып, сыйлықтарға ие болды.
Оқушылардың түстен кейінгі уақыты 9-10-сынып оқушыларының қатысуымен «Қызық екен...» интеллектуалды ойынына арналды. Білім бәйгесіне екі топ қатысып, география білімдері бойынша сыналып ғана қоймай, қызықты, әрі күрделі сұрақтардан құралған кезеңдерде логикалық және танымдық қабілеттерін таныта білді. Ойын барысында екі топтың жанкүйерлері де қалыс қалмай, тұшымды ойларын білдіріп, көрермендерге арналған қызықты сұрақтарға белсенділік танытты.
География пәні бойынша оздырылған танымдық шаралардың қортындысы апталықтың жабылу салтанатында марапатталады.