Мектебімізде 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыруға арналған салтанатты шара жоғары деңгейде өтті. Бұл айтулы мерекеге ұстаздар, ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер қатысты.
Биыл мектебімізден 53 түлек үлкен өмірге жолдама алды. Олардың ішінде 5 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 16 түлек «Үздік аттестатқа» ие болып, өздерінің білім мен еңбектегі жетістіктерін дәлелдеді.
Салтанатты кеш барысында мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері түлектерге ақжарма тілектерін арнады. Сондай-ақ ата-аналар да жүрекжарды лебіздерін білдіріп, жас түлектерге сәттілік тіледі.
Кештің әсерлі сәттерінің бірі – мектеп бітіруші түлектердің орындауындағы әсем ән болды. Сонымен қатар ата-аналар да сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің көркін аша түсті.
Бүгінгі күн – түлектер үшін жаңа өмірге бастар маңызды белес. Барша түлектерімізге алдағы өмір жолында толағай табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз!
Ақ жол, жас түлек! Армандарың асқақ, қадамдарың нық болсын!