Бүгін мектебіміздің ауласында 9-сынып оқушыларына аттестат табыстау салтанатты шарасы өтті. Биылғы түлектер кеші ерекше «Уақыт капсуласы» форматында ұйымдастырылып, оқушылар өз армандары мен ізгі тілектерін болашаққа аманат етті.
Шараның дәл ортасында жауған жаңбыр мерекелік көңіл-күйге кедергі бола алмады. Қатысушылар мектеп ғимаратына кіріп, салтанатты рәсім өз жалғасын тапты.
Мектеп директоры Ж.М.Шонбаев «үздік аттестат» иегерлеріне аттестаттары мен мақтау қағаздарын табыстап, жас түлектерге ақ жол тіледі. Сондай-ақ, 9«А» сыныбының оқушыларына аттестатты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С. Имангалиева табыстаса, директордың бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары Л.А. Қожахметова 9«Ә» сыныбына аттестаттарын тапсырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Ж. Сагинова 9«Б» сыныбының түлектеріне аттестат табыстаумен аяқтады.
Мерекелік кештің көркін танымал саксофонист А.Б. Атауовтың әсерлі өнері аша түсті. Сынып жетекшілері Г.А. Аиповна мен Б.А. Медресова түлектерге жүрекжарды тілектерін арнаса, сынып жетекшісі Д.С. Азмұханбет әсем әнімен көпшіліктің ықыласына бөленді.
Ата-аналар қауымы атынан «үздік аттестат» иегері Мәди Жібектің анасы В.Ж.Имашева жылы лебізін білдірсе, аналар ұл-қыздарына арнап тамаша ән тарту етті. Бұл әсерлі сәттер түлектер мен ата-аналардың, ұстаздардың жүрегінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Құрметті түлектер! Алған аттестаттарыңыз жаңа белестерге бастайтын жарқын жолдың бастауы болсын! Армандарыңыз асқақ, болашақтарыңыз баянды болсын!