Оқушымыз Зинекешева Ясминур өзінің білімге деген құштарлығының, табандылығы мен мақсаткерлігінің арқасында әлемнің жетекші 10 жоғары оқу орындарынан шақырту алып, үлкен жетістікке қол жеткізді.
Атап айтқанда, оған Финляндияның LUT University және Aalto University, Бельгияның KU Leuven, Италияның Ca’ Foscari University of Venice, University of Pavia және University of Pisa, Германияның University of Europe for Applied Sciences, Канаданың International College of Manitoba және Fraser International College, сондай-ақ Польшаның Vistula University оқу орындарынан шақырту келді.
Бұл жетістік – қажырлы еңбектің, үздіксіз ізденістің және алға қойған мақсатқа деген сенімнің нәтижесі. Әлемнің бірнеше еліндегі беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алу оның білім деңгейі мен әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді.
Бұл жетістік ата-анасы мен ұстаздарының зор еңбегінің жемісі болып, мектеп үшін үлкен мақтанышқа айналды.
Шәкіртімізді осы маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта таңдаған оқу орнында сапалы білім алып, жаңа белестерді бағындыруына, армандарының орындалып, биік мақсаттарына жетуіне тілектеспіз.
Жолың ашық, болашағың жарқын болсын, Ясминур! Жетістіктерің еселене берсін!