04.05.2026 ж. күні «Болаттай мінез – берік ұстаным» атты эстетикалық пәндер апталығының салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты – оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, шығармашылық және спорттық белсенділігін дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.
Апталықтың ашылуы көңіл-күйді көтеретін ойындармен басталып, оқушыларға үзіліс уақытында да «Көңілді үзіліс» атауымен сергіту және көңіл-күй сыйлайтын қимылды ойындар ұйымдастырылды. Бұл шара оқушылардың белсенділігін арттырып, жағымды эмоция қалыптастыруға ықпал етті.
Сонымен қатар, осы күні 7–8 сынып оқушылары арасында ұлдар арасында волейбол жарысы өткізілді. Жарыс барысында оқушылар өз шеберліктерін көрсетіп, ұйымшылдық пен командалық рухтың жоғары деңгейін танытты. Спорттық шара оқушыларды дене белсенділігіне баулып, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды.