2026 жылдың 24 сәуірі күні мектебімізде 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті мамандарымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға медициналық білім беру бағыттары, мамандық таңдау ерекшеліктері және болашақ дәрігер мамандығының маңыздылығы туралы ақпарат беру болды.
Кездесу барысында университет өкілдері оқу орнының білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары, грант мүмкіндіктері, оқу үдерісі мен студенттік өмір туралы кеңінен таныстырды. Сонымен қатар, медицина саласына түсу үшін қажетті пәндер, ҰБТ талаптары және кәсіби дағдылар жайында түсіндірме берді.
Мамандар денсаулық сақтау саласындағы сұранысқа ие мамандықтарға тоқталып, дәрігер болудың жауапкершілігі мен артықшылықтарын атап өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Аталған кездесу оқушылардың мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына ықпал етіп, медицина саласына деген қызығушылықтарын арттырды.