Апталықтың соңғы күні 7-сынып оқушыларына арналған «Ақылды үзіліс» ұйымдастырылды. Танымдық ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы оқушылар логикалық ойлау, жылдамдық және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Сонымен қатар, хакатонға қатысушылар әділқазы алқасының алдында өз жобаларын қорғап, тың идеялары мен шығармашылық шешімдерін ұсынды. Қатысушылардың жобалары мазмұндылығы, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы бойынша бағаланды.
Апталықтың жабылу салтанаты ерекше мазмұнда, жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім алушылар мен ұстаздар үшін жарқын әсерге толы қорытынды кеш болды. Салтанатты шара мектептің акт залында өтіп, апталық барысында атқарылған жұмыстар мен жетістіктер кеңінен таныстырылды. Алдымен апталықтың негізгі бағыттары мен өткізіліп, жүзеге асқан іс-шаралар туралы қысқаша бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға бір апталық белсенді еңбектің нәтижесі ұсынылды.
Шара барысында ұйымдастырылған сайыстар, зияткерлік ойындар, киберспорт турнирлері, «Ақылды үзіліс» және хакатон жобаларының маңыздылығы атап өтіліп, оқушылардың шығармашылық ізденісі мен цифрлық құзыреттіліктерінің артқаны ерекше айтылды.
Кештің ең әсерлі сәті – марапаттау рәсімі болды. Апта бойы барлық іс-шараларға белсенді қатысып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталып, дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.