Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімнің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2026 жылдың 19 ақпан күні облысымызда «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы оздырылды.
Аталған олимпиадаға мектебімізден физика пәнінің мұғалімі Шаденова Диана Болатбекқызы қатысып, өзінің кәсіби шеберлігімен, жаңашыл идеясымен және жоғары дайындық деңгейімен үздік нәтиже көрсетіп жүлделі І орынды иеленді!
Жеңімпазымыз республикалық кезеңге жолдама алды!
Әріптесімізге алдағы додада сәттілік, шабыт және жеңіс тілейміз!