19 ақпан күні апталық өз жалғасын тауып, лицейімізде бірқатар қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.
8-сынып оқушыларына арналған «Ақылды үзіліс» өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар адасқан әріптерден құрастырылған сұрақтардың дұрыс жауабын тауып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Ойын форматы олардың белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын оятты.
Сонымен қатар «IT Хакатон – 2026» шарасының салтанатты ашылуы өтті. Хакатонның тақырыптары таныстырылып, қатысушылар топтарға бөлінді. 24 сағаттық форматта өтетін бұл байқау оқушылардың цифрлық жобалар әзірлеуіне, тың идеялар ұсынуына және командалық жұмысты дамытуына бағытталды.
Апталық аясында 7–8 сыныптар арасында «Robo-Game» робототехника жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа 3 команда қатысып, оқушылар роботтарды басқару, логикалық тапсырмаларды орындау және командалық жұмыс дағдылары бойынша бақ сынасты. Шара жас инженерлердің шығармашылық әлеуетін ашып, робототехникаға деген қызығушылығын арттырды.