2026 жылғы 10–13 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығы базасында өткен робототехника саласындағы ірі дода — Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026 аясында лицейіміздің HYDRA командасы жоғары нәтиже көрсетті. Аталған жарыс барысында команда FIRST LEGO League Challenge санатына қатысып , «Motivate Award» марапатына ие болды.
Бұл жетістік — оқушылардың робототехника мен инженерлік ойлау қабілеттерін дамытудағы жүйелі еңбектің нәтижесі. Команда мүшелері мен жетекшісі Бекчурина Айнур Тулегеновнаны айтулы жеңістерімен құттықтаймыз!
