14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, 12–20 ақпан аралығында мектебімізде мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасында ерекше рухани акция ұйымдастырылады.
Бұл жолы кітаптар кітапханаға емес — бір-бірімізге сыйланады 💛
Кітап — жай ғана сыйлық емес, ол — жүректен шыққан ой, ықылас пен құрметтің белгісі.
Өзіңіз жақсы көрген кітапты бір жанға арнап, ішіне жылы тілек жазып сыйлауға шақырамыз.
✨ Кітап арқылы жүректерді жақындатайық!
Қатысуға ниет білдірушілерді күтеміз!
#КітапСыйла #ШынЖүректен #ХалықаралықКітапКүні #ОқуғаҚұштарМектеп
