Лицейімізде 2026 жылғы 21–30 қаңтар аралығында өткен конкурстық іріктеу нәтижесінде Кожахметова Ляззат Асылбекқызы бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасары қызметіне тағайындалды.
Педагогикалық еңбек өтілі – 13 жыл, біліктілік санаты – педагог-сарапшы.
Жетістіктері:
• 2016 жыл – Қалалық информатика пәні мұғалімдері арасында өткен «Мұғалім жетістігі шеберлігінде» байқауы – I орын
• 2016 жыл – Облыстық информатика пәні мұғалімдері арасында өткен «Мұғалім жетістігі шеберлігінде» байқауы – II орын
• 2024 жыл – Облыстық VI шығармашылық байқау – III орын
• 2025 жыл – Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы – I орын
• 2025 жыл – Облыстық «Цифрлы педагог» бейнесабақтар байқауы – III орын
• 2025 жыл – Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы – III орын
Марапаттары:
• Қалалық білім бөлімінің басқармасы – «Құрмет грамотасы» (2022 ж.)
• Облыстық білім басқармасы – «Алғыс хат» (2023 ж.)
• Облыстық әдістемелік орталық – «Алғыс хат» (2024 ж.)
• Батыс Қазақстан облысы әкімдігі – «Алғыс хат» (2024 ж.)
• Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі – «Құрмет грамотасы» (2024 ж.)
Ляззат Асылбекқызын жаңа қызметімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
