«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында 7-сынып оқушылары арасында өткізілген «Мамандықтар марафоны» шеңберінде «Мен таңдаған мамандық» тақырыбындағы сурет байқауы өз мәресіне жетті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың болашақ мамандықтар туралы түсінігін кеңейту, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру және сурет өнері арқылы өз арманы мен кәсіби бағдарын еркін жеткізуіне мүмкіндік жасау.
Байқау барысында оқушылар таңдаған мамандықтарын сурет арқылы бейнелеп, оның қоғамдағы маңызын, еңбек адамдарының рөлін және өз болашағына деген көзқарасын көркем түрде көрсете білді. Жұмыстардың мазмұны, идеяның ашылуы, композициясы мен шығармашылық ерекшелігі қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.
Аталған сурет байқауы оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беретін маңызды шара болды.
Жеңімпаздар:
1 орын – Серікбай Ернияз, 7 «Б»
2 орын – Ғұмар Милана, 7 «Ә»
3 орын – Ерболат Бекназар, 7 «Б»
Алғыс хатқа ұсынылғандар:
Гасимов Ерасыл, 7 «Ә»
Әділбек Еркем, 7 «А»
Жасқайрат Мадина, 7 «Ә»