«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 9–10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Кітап оқу бәйгесі» жарысының қорытынды кезеңі өткізілді.
Аталған жарыс оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және оқырмандық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бәйгеге қатысушыларға Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы ұсынылды.
Жарыс үш кезеңнен тұрды. Алғашқы екі кезең Google Form платформасында онлайн форматта ұйымдастырылып, шешуші кезең Kahoot платформасы арқылы тест тапсырмаларын орындау негізінде өткізілді.
Байқауға 40 оқушы қатысып, кезеңдік іріктеу нәтижесінде олардың 70 пайызы екінші кезеңге, 50 пайызы қорытынды кезеңге өтті. Қорытынды нәтижесінде үздік көрсеткішке қол жеткізген оқушылар марапатталды.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
• Рахимжанов Батырхан (9А сынып) – I дәрежелі диплом
• Сырымқызы Айару (9А сынып) – II дәрежелі диплом
• Жанболат Баязит (9А сынып) – III дәрежелі диплом
Сонымен бірге оқу бәйгесіне белсене қатысып, ерекше көзге түскен оқушылар арнайы аталымдармен марапатталды:
• Хамза Айару (9А сынып) – «Оқуға құштар оқырман»
• Мулдашева Жанерке (9А сынып) – «Үздік талпыныс»
• Асылханұлы Алихан (9А сынып) – «Кітаппен достасқан оқушы»
• Тасқали Батырхан (9А сынып) – «Кітапқұмар оқырман»
• Ғайнолла Мейрамбек (9Б сынып) – «Кітап оқу майталманы»
• Аққали Шұғыла (9Б сынып) – «Кітап оқу шебері»
• Нұржан Аяулым (9Б сынып) – «Ең белсенді оқырман»
Іс-шара соңында оқу бәйгесіне қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіріліп, кітап оқуды насихаттауға бағытталған мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасатыны айтылды.