Физика және математика пәндері апталығы жоспарға сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті. Апталық барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау, білімді практикада қолдану дағдылары айқын байқалды.
Апталықтың соңғы күні «Каге емтиханы» негізінде «21 ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өткізілді. Бұл ойын оқушылардың физика-математика бағытындағы білімін, ой ұшқырлығын, көшбасшылық қабілеттерін анықтауға бағытталды.
Интеллектуалды ойынға 6 оқушы қатысып, олар бірнеше кезең бойынша бақ сынады. Ойын барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, күрделі логикалық сұрақтарға нақты әрі жылдам жауап беруге тырысты. Әр кезең оқушылардың білім деңгейін әділ бағалауға мүмкіндік берді.
Қорытынды бойынша:
- Бас жүлде – барлық кезеңде тұрақты нәтиже көрсеткен Утежанов Айбатқа берілді;
- I орын – білім тереңдігі мен жылдам ойлау қабілетімен ерекшеленген Серік Тоқтарға берілді;
- II орын – жақсы нәтиже көрсеткен Абат Алиге берілді;
- III орын – белсенді қатысып, үздік үштікке енген Қайырсапиев Абылай, Ойратова Еркеназ, Лесбек Бекарысқа берілді.
Аталған интеллектуалды ойын физика-математика апталығының мазмұнын толықтырып, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға үлкен үлес қосты. Апталықтың жабылуы жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендерге жағымды әсер қалдырды.