Бүгін мектеп ұжымы үшін тағылымы мол, рухани мәні зор «Кітап талқы алаңы» жобасының кезекті кездесуі өтті. Жобаның басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, әріптестер арасында рухани байланысты нығайту және оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
Аталған отырыс Бауыржан Момышұлының «Көз алдымда бәріңсің» атты естелік-күнделігіне арналды. Кездесу барысында шығарма мазмұны жан-жақты талқыланып, кейіпкер болмысы мен авторлық ойға қатысты мазмұнды пікірлер айтылды. Еркін форматтағы талқылау қатысушылардың белсенділігін арттырып, басқосуды ерекше әсерлі етті.
Жиын соңында келесі кездесуде талқыланатын шығарма бірлесе таңдалып, жобаның алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатыны атап өтілді.