Мектебімізде апталық аясында 8-сынып оқушыларына арналған «Чакра формулалары» атты ақылды үзіліс өткізілді. Іс-шара барысында физика және математика пәндеріндегі негізгі формулалар Тарсия әдісі арқылы қайталанып, оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен пәнге деген қызығушылығы артты.
Сонымен қатар түстен кейін шараның ІІ кезеңі - «Чунинге қабылдау» сайысы өткізілді. Іріктеу кезеңі 7–8 сынып оқушылары және 9–11 сынып оқушылары арасында бөлек өткізілді. Сайыс барысында оқушылар өз білімдерін, жылдамдықтарын және тапқырлықтарын көрсетті. Нәтижесінде келесі турға ең жоғары жинаған оқушылар іріктеліп алынды.