Бүгін, 26 желтоқсан күні мектебімізде 2025-2026 оқу жылының ІІ оқу тоқсанының жетістіктерін марапаттау бойынша саптық жиын оздырылды.
Мақсаты: Оқушылардың білімділік, тәрбиелік және зияткерлік әлеуетін дамытуда ынталандыру, дарынды оқушыларымызды марапаттау.
Саптық жиында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алған оқушылар және облыстық «Зерде» зерттеу жобалары, А.Тайманов атындағы облыстық «Ақ желкен-2025» математикалық регатасы, «Апельсин-2025» облыстық физика-техникалық турнирі, облыстық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы және спорттық сайыстардың жүлдегерлері марапатталды.
Салтанатты жиын мектеп директоры Шонбаев Жеңіс Меңдіғалиұлының олимпиада және байқаулардың жеңімпаздарын құттықтау сөзімен ашылды.
Мектебіміздің мерейін асыратын дарынды оқушыларымызға талаптарыңызға нұр жаусын дей келе, алдағы олимпиаданың облыстық кезеңінде жоғары нәтижелер тілейміз!