13 ақпан күні «Өнер-адамның рухани әлемі, спорт-денсаулық кепілі» атты эстетикалық пәндер апталығының аясында үзіліс кезінде «Көңілді үзіліс» атты оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлау мақсатында ойындар оздырылды.
14 ақпан күні «Өнер-адамның рухани әлемі, спорт-денсаулық кепілі» атты эстетикалық пәндер апталығының аясында мектеп оқушыларына үзіліс кезінде флешмоб ұйымдастырылды. Сонымен қатар,10 сынып оқушыларына «Жас қыран» әскери патриоттық ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Басты мақсаты:Әскери патриоттыққа тәрбиелеу; Отан сүйгіштікке баулу; оқушылардың ептілік, жылдамдық, шыдамдылық, төзімділік қабілеттерін арттыру;салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Жарыс кермеде тартылу, денені көтеру, автоматты бөлшектеу және ату, газтұтқыш кию, арқан тартыс секілді кезеңдерден тұрды. Командалық есепте 10 «с» сыныбы оқушыларынан құралған команда І орын иеленсе, 10 «б» сыныбы ІІ орын, 10 «а» сыныбы ІІІ орынды тізгіндеді.