2024 жылдың 9 ақпаны күні мектебімізде Қамқоршылық кеңес пен мектеп әкімшілігінің және «Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты(Педагогикалық лицей) түлектерінің Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі кеңесі мүшелерінің бірлескен отырысы оздырылды.
Отырысты мектеп директоры Жеңіс Меңдіғалиұлы ашып, үш тараптың отырысқа қатысушыларын таныстырып, 2023-2024 оқу жылының мектепте қазіргі таңда атқарылған жұмыстары мен жақсы жаңалықтарымен бөлісті.
Одан кейін сөз алған қамқоршылық кеңес Төрайымы - Айман Сәрсенбайқызы мектептің оқу-тәрбие үдерісін дамыту және жетілдіру бағытындағы ұсыныстары мен өмірлік тәжірибеге негізделген ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Өткен жылы, мектептің 30 жылдық мерейтойы аясында түлектер қауымдастығы құрылып, өз жұмысын бастаған болатын. Қауымдастықтың қолға алған жұмыстарының бірі – мектептің ағымдық жөндеу жүмыстарының құжаттамасын бюджеттік емес қаржы көздері арқылы дайындау еді. Осы мақсатта, ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған сметалық құжаттама мен техникалық қорытындысын түлектер қауымдастығы өз қаржысына дайындатуды қолға алған болатын. Бүгінгі отырыста түлектер қауымдастығы кеңесінің мүшелері атынан мектептің 2002 жылғы түлегіЖумиев Талғат аалған құжаттарды мектеп директоры Жеңіс Меңдіғалиұлына салтанатты түрде табыс етті. Алдағы уақытта осы құжаттар негізінде мектеп-лицейін ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Кеңейтілген кеңеске қатысушылардың әрқайсысы алдағы уақыттағы мектеп-лицейін көркейту бойынша өз ойларымен бөлісіп, барлық кеңеске қатысушы үш тараптың мүшелерібірлесіп жұмыс жүргізуге шешім қабылдады.