Мектебімізде “тазалық күні” өтті. Оқушылар өз кабинеттерін жинап, үстел-орындықтарды ретке келтіріп, тақталарды тазалап, сынып бөлмелерін таза әрі жайлы етуге атсалысты.
Бұл шара балаларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
Тазалық – тек тәртіп емес, ол денсаулық пен жақсы көңіл күйдің кепілі.
Осындай пайдалы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз. Барлық қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз!