Бүгін мектеп ұжымы арасында оқырмандар ортасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған “Кітап талқы алаңы” жобасының екінші отырысы өтті.
Жобаның негізгі мақсаты – оқылған кітапты бірлесе талқылау арқылы әріптестер арасында оқырмандық мәдениетті дамыту және оқушылардың кітап оқу деңгейін арттыруға ықпал ету.
Бұл жолғы басқосуда Дулат Исабековтың “Қарғын” шығармасы талқыланды. Қатысушылар туынды бойынша өз әсерлерін, терең әрі мәнді ойларын ортаға салып, мазмұнды пікір алмасу жүргізді.Бұл жолғы отырыс алдыңғысынан да қызу әрі қызықты өтті.
Қатысушылардың бірауызды келісімімен келесі отырыста талқыланатын шығарма да таңдалып алынды. Жоба алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады деген сенім мол.