Апталықтың ашылуында оқушылар «Уақыт машинасы» туындысы желісінде Сақтар мен Ғұндар дәуіріне ойша саяхат жасап, қазақ тілі мен әдебиеті мен тарих пәндеріне қатысты түрлі тапсырмалар орындады. Тарихи оқиғаларды байланыстырып, көне өркениеттердің рухын сезінген оқушылар өткеннің тереңіне бойлап, уақыт сырына үңілді.
Апталықтың алғашқы күнінде «Алтын адам» әлеміне жетелейтін зияткерлік «Алтын адам жұмбағы» ақылды үзілісі ұйымдастырылды. Сонымен бірге 7-сынып оқушыларына арналған «Томирис. Тағылым. Тектілік» атты зияткерлік ойын өтіп, оқушылар Қазақстан тарихы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріндегі білімін кеңейтіп, жаңа көзқарастар қалыптастырды.
Бұл апталық – қиялға ерік беріп, уақыт пердесін түретін ерекше саяхат.
Өткен мен бүгінді жалғап, болашаққа қадам бастырар таным жолы.
Тарихтың терең қатпарларына бірге үңіліп, өз ішкі батырлығыңызды ашуға шақырамыз!