Облыстық "Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия" байқауы қазақ тілі мен математика пәндері мұғалімдеріне арналған кіріктірілген тапсырмалар арқылы педагогтердің оқу сауаттылығын, логикалық қабілеттерін арттыруға, күрделі тапсырмаларды шешу жолдарын үйретуге, қолдау көрсету мен ынталандыруға бағытталды.
Бұл байқауда лицейіміздің математика пәні мұғалімі Нұртілеу Серікұлы кәсіби шеберлігін танытып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз арта берсін, шығармашылық табыс тілейміз!