“ДосболLike: достық қолын ұсын!” республикалық акциясына біздің лицейімізде белсене қатысты. Интернат оқушылары да өз үлестерін қосты.
Балалардың бойында құрмет, достық, өзара көмек, төзімділік сияқты құндылықтарды қалыптастыру, буллингтің алдын алу және мектеп ортасында жанжалсыз қарым-қатынас мәдениетін дамыту мақсатында оқушылар арнайы дайындалған жүрекше белгісімен суретке түсіп, достықтың маңызын көрсетті. Әр сынып өз фотосын арнайы стендке іліп, сыныбы туралы қысқаша ақпарат жазып, дәлізге орналастырды.
Бұл акция оқушылардың бір-біріне деген сыйластығын арттырып, лицей ішінде жылулық және татулықтын қалыптасқандығын дәлелдеді.
Қатысушылар бұл шараны лицей ән ұраны на айналған "Бір үйдің баласындай" әнімен аяқтады.