Орал қаласында ата-аналар, педагогтер мен қоғам белсенділері бас қосқан «Адал ұрпақ-ортақ міндет» тақырыбында облыстық ата-аналар форумы өтті. Аталған облыстық форумға лицейімізден мектеп өміріне белсене атсалысып жүрген үлгілі ата-аналардың бірі Бекмағамбетова Айнұр Сабырқызы қатысты.
Форумның мақсаты - өскелең ұрпақ бойына адалдық, әділдік, ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын сіңіру ісінде ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Форум барысында ата-ана Айнұр Сабырқызы БҚО Білім басқармасының арнайы «Алғыс хатымен» марапатталды.