2025 жылдың 14 қазан күні «Казаэронавигация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Орал қаласындағы филиалының мамандары оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында мамандар авиация саласындағы мамандықтар, әуе қозғалысын басқару, навигация және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттары туралы жан-жақты мағлұмат берді. Сондай-ақ, аталған кәсіпорында жұмыс істеу талаптары мен мамандыққа қойылатын кәсіби және жеке қабілеттер туралы түсіндірілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауына бағыт-бағдар беру және авиация саласына қызығушылығын арттыру болды. Кездесу соңында оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, жеке кеңестер ұсынылды.