Бүгін мектебімізде 2025–2026 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті!
Ашылу жиыны лицей директоры Жеңіс Меңдіғалиұлының құттықтау сөзімен басталды. Сондай-ақ, өткен жылдардағы олимпиада үздіктерінің жетістіктері оқушыларға шабыт сыйлады. 2024–2025 оқу жылындағы Республикалық олимпиаданың жүлдегері Асхат Алуа биылғы қатысушыларға сәттілік тіледі.
Биылғы олимпиадаға 7–11 сыныптардан 234 оқушы қатысуда. Олар 12 пән бойынша өз білімін сынайды.
Олимпиада — тек жарыс емес, бұл — армандарға апарар жол! Барша қатысушыларға сәттілік пен шабыт тілейміз!