2025 жылдың 1-қазан күні мектеп оқушылары арасында READx форматында «Өзің оқып, өзгеге ұсын» шарасы оздырылды. Аталмыш шара мақсаты, мектебімізге жаңадан келген 7-сынып оқушыларына кітапханада ұйымдастырылатын іс-шаралардың бағыт-бағдарын көрсетіп, кітап оқуға бағыттау. Осы мақсат негізінде, 8-11 сынып оқушылары оқыған кітаптарын ортаға салып, ой бөлісті.
Шара спикерлері:
- 11 «А» сынып оқушысы, 2024-2025 оқу жылының «Кітап оқу көшбасшысы» Раш Дарын Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы»
- 10 «Ә» сынып оқушысы Серікқали Еңлік Стивен Кингтің «Кэрри»
- 9 «Б» сынып оқушысы Жантасова Асыл Луиза Мэй Олкоттың «Кішкентай әйелдер»
- 8 «Б» сынып оқушысы Кеңесова Томирис Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер»
- 8 «Б» сынып оқушысы Ғариполла Нарқыз Муради Хушанг Керманидің «Бала Мәжиттің хикаялары» шығармаларын баяндап берді.
Тыңдаушылар «Оқимын!» және «Ойланамын!» дауыс беру парақшалары арқылы кері байланыс білдіріп, өздерін қызықтырып, жақсы әсер қалдырған әдебиеттерді оқуға алды. Әр спикердің оқыған әдебиеттері бойынша арнайы кітап бұрышы қойылды.