Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты мен ЖК «Tech Consult» («Mars Robotics» робототехника орталығы) арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
Бұл ынтымақтастық аясында білім беру саласында жаңа жобалар жүзеге асырылып, оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытуға, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға және заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге жол ашылады.
Осы меморандум аясында:
21-тамыз күні «Робототехника арқылы ЖИ оқытуға болады ма?!» атты
роботтық техника бойынша жаңа жинақтармен таныстыру, жасанды интеллектті оқытудағы мүмкіндіктерін талқылау арқылы мұғалімдер мен мамандарға тәжірибе алмасу алаңын құру, жаңа технологияларды білім беру үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын көрсету және оқушылардың шығармашылық ойлауын, зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында облыстың информатика және робототехника пәні мұғалімдеріне арналған Workshop ұйымдастырылады.
Спикер:
ЖК «Tech Consult» («Mars Robotics» робототехника орталығы) директоры – Мақсот Марс Мавлетұлы
Өтетін уақыты: сағ.10:00
Өтетін орны: БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты
(С.Ескалиева көшесі, 107)