Білім мен табандылықтың жарқын жемісі!
Біздің мектеп түлегіміз Айткулова Айгерим — еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі — Назарбаев Университетінің Foundation бағдарламасына қабылданды! 🎓🌟
Бұл — Айгеримнің өз мақсатына деген сенімі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Сонымен қатар оны білім мен тәрбие жолында бағыттап отырған ұстаздарының кәсіби қолдауы мен қамқорлығының да үлесі зор.
Айгеримге жаңа ортада сенімді қадам, сапалы білім, жарқын болашақ және асқақ арман тілейміз!
Болашақта еліміздің білімді, білікті, елжанды азаматтарының қатарынан көріне беруіңе тілектеспіз!