Мектебіміздің 2025 жылғы түлектеріне арналған аттестат табыстау салтанатты жиыны жоғары деңгейде оздырылды.
Шара барысында мектеп бітіруші түлектер ортаға шығып, болашаққа деген үміт-армандарын, жүрекжарды тілектерін білдірді.
Биылғы оқу жылында мектебімізді 41 түлек бітіріп, үлкен өмірге асқақ армандармен қанат қақты.
Олардың ішінде:
- 8 түлек — «Алтын белгі» иегері,
- 10 түлек — «Үздік аттестат» иегері атанды.
Салтанатты жиынды ашу құрметі мектеп директоры Шонбаев Жеңіс Меңдіғалиұлына беріліп, ол түлектерге ізгі тілектерін арнап, үздіктерге аттестаттарын салтанатты түрде табыстады.
Қамқоршылық кеңес құрамындағы ата-аналар мен білім мен тәрбиеге үлес қосқан ата-аналар да алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік кеш барысында мектеп өнерпаздары ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ата-аналар ұстаздар мен мектеп ұжымына алғыстарын білдіріп, түлектерге ақ жол тіледі.
Кадиралиева Жанар Қажиғалиевна, Есемжан Сания Есемжановна және Абдолова Гүлжайна Каримоллаевна түлектерге арнап «Тек алға» әнін орындап, жүректерге шуақ сыйлады.