2023 жылдың 11 желтоқсан күні Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты 30 жылдық мерейтойын атап өтті.
Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты – іргетасы 1993 жылы қаланып, саналы шәкірт, білікті маман, ұлтжанды азамат даярлауға өз үлесін қосып, мың жүйріктен шын жүйрікті анықтап, еліміздің элитасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келе жатқан білім ордасы.
Орал педагогикалық институты жанындағы педагогикалық лицей ретінде ашылған білім ордасының негізін салушы, ширек ғасыр аталмыш мектепке басшылық еткен, «Құрмет» орденінің иегері, педагогика ғылымының кандидаты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің екі мәрте «Ең үздік мектеп директоры» дипломының иегері Нәсіпқали Дәулетұлы Дәулетов.
1993-2007 жылдар аралығында сол кездегі педагогикалық институт ректоры Тұяқбай Зейітұлы Рысбеков оқушылардың оқуы мен тұрмысына ыңғайлы институттың бір ғимаратын босатып беріп, жоғары оқу орнының бар ғылыми-әдістемелік, материалдық базасын лицей оқушыларына студенттермен бірдей пайдалануына мүмкіндік жасады. Қабілетті де, дарынды оқушылардың сапалы білім алуына, республикадан үздік көрсеткіштерге жетуіне мектеп мұғалімдерімен қатар институт ғалымдары мен оқытушылары да үлес қосты.
2001 жылы педагогикалық лицейдің статусы өзгеріп, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп болып қайта құрылды. Москва мемлекеттік университеті жанындағы А.Н.Колмогоров атындағы физика-математика мектебімен байланыс-мектептің одан әрі дамуына тиісті ықпал етті.
Бүгінде лицей - республика бойынша бірнеше жыл қатарынан түлектері ЖОО-на түсуде ең жоғары білім көрсеткішін көрсетіп келе жатқан, жоғары сапаның бренді, мыңнан аса шәкірттің болашағын жарқын ете білген киелі шаңырақ. 150-ден астам түлектеріміз «Болашақ» бағдарламасымен әлемнің ең үздік университеттерінде білім алса, мектеп түлектерінің 200-ден астамы «Алтын белгі», 150-ден астамы Үздік аттестат, 300-ден астамы Ерекше куәлік иегерлері атанды.
Біз бүгінгі жаңалық ертең-ақ ескіретін, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім болатын төртінші өнеркәсіптік революцияның талаптарына сай лицей де талғампаз қоғамның мүддесін ескеріп жаңаша бағытқа бет түзеді. 2018 жылы 19 наурызда «Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» болып қайта құрылып, облыстағы алғашқы ІТ лицей ретінде ақпараттық технологиялардың мекеніне айналды.
Талай шәкіртті баулыған білім ошағының 30 жылдық мерейтойына орай «Атамекен» өнер ордасында бірқатар іс-шара өткізді.
Лицейдің 30 жылдық мерейтойы білім ордасының тарихынан сыр шертер көрмемен басталды. Лицейіміздің 10-сынып оқушылары Аманғали Ақылбек мен Тұяққали Ділдә «Ақылды көше шамдары» (жетекшісі - Жасталап Әсел Талғатқызы); 9-сынып оқушылары Раш Дарын мен Амангелдин Мадияр «Жер сілкінісін ескерту» (жетекшіісі - Жасталап Әсел Талғатқызы); 10-сынып оқушысы Бақытжанұлы Нұралы «Telegram-bot: Информатика ҰБТ» (жетекшісі - Кожахметова Ляззат Асылбековна); 10-сынып оқушысы Тұрарбек Камилла «Болаттың химиялық жемірілуі және қорғау әдістері» (жетекшісі - Қоныспай Райхан Қуанышқызы); 9-сынып оқушысы Ғизат Әлихан «Мүмкіндігі шектеулі (зағип) адамдарға арналған ақылды қолғап» (жетекшілері - Мухамбеткалиев Ораз Жалгасович, Байхан Бекболат Жумабаевич) тақырыбындағы тың жобаларын таныстырды. Сондай-ақ, жылдар жүзінде жеткен жетістік, әр жылғы түлектердің фото-көрмесі мен лицей тарихы баяндалатын видеоролик көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара «Дарынды жастар – ел болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасты. Жиынға облыс басшылығы, білім беру ұйымдарының директорлары, ғалымдар мен мектеп түлектері қатысты. Мерейтой барысында Нәсіпқали Дәулетовтың кітабының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар түлектер қауымдастығы құрылды.
Мерейтой «Атамекен» өнер ордасының концерт залында «Дарынды жастар - ел болашағы» атты салтанатты шараға ұласты. Салтанатты шарада Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов құттықтау сөз сөйлеп, ардагер-ұстаздар мен лицей ұстаздарына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің марапаттарын, Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті. Атап айтсақ,
1. Педагогика ғылымдарының кандидаты, ардагер ұстаз, зейнеткер Дәулетов Нәсіпқали Дәулетұлы – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісі;
2. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі, зейнеткер Баенова Даметкен Баенқызы – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісі;
3. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының директоры Шоңбаев Женіс Меңдіғалиұлы – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі;
4. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының биология пәнінің мұғалімі Закарина Гулия Сансызбайқызы - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Орта білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломы;
5. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының педагог-психологы Райымова Куралай Юнусқызы Сансызбайқызы - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Орта білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломы;
6. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Нигметуллина Самал Баимбетқызы Сансызбайқызы - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Орта білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломы;
7. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі Тангалиева Алтынгул Исмагулқызы - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы;
8. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Жексенов Азат Бисембайұлы - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы;
9. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусагалиева Райля Куанышқызы - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаты;
10. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дюсенгалиева Гульнара Аипқызы - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаты;
11. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кушкарбаева Гульмира Ошакбайқызы - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаты;
12. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сагинова Гулсезим Жұбатқызы – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаты;
13. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында қызмет жасаған ұстаз Турегалиева Алма Серікқалиқызы - Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
14. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында қызмет жасаған ұстаз Танатова Гуляйша Кеңесқызы - Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
15. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында қызмет жасаған ұстаз Наугольнова Марина Павловна - Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
16. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында қызмет жасаған ұстаз Исмурзин Жәнібек Аллаярұлы - Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
17. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Мусагалиева Гульнафис Қуанышқызы - Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
18. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Иманғалиева Аңсаған Сабырғалиқызы - Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
19. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының география пәнінің мұғалімі Гиниятова Айгуль Мұратқызы - Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
20. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ихсанова Бибигуль Жанашқызы - Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
21. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі Қоныспай Райхан Қуанышқызы - Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
22. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі Жасталап Әсел Талғатқызы - Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
23. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі Амиргалиева Айнара Мурадымқызы - Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
24. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының география пәнінің мұғалімі Медресова Багдагул Абишқызы - Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
25. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының үйірме жетекшісі Тлепбергенов Тұрлыбек Тлепбергенұлы - Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
26. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ишанов Акжан Жаскайратұлы – Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
27. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сундетова Назира Мирбекқызы –Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хаты»;
Мерейтой жергілікті танымал өнер иелерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.