«Жаратылыстану кемесі: Теңізден ғылымға» атты жаратылыстану пәндері апталығының аясында 7-сынып оқушылары үшін қызықты әрі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Апталықтың алғашқы күні оқушылар «Ғылыми экспедиция: Қазынаға жол» атты ақылды үзіліс ойынына қатысты. Интеллектуалдық тартыс нәтижесінде үздік шыққан топтар 14:10-да «Қарақшылар квесті: Табиғаттың үш қаруы» атты ерекше форматтағы квестке жолдама алды.
Бұл квест – биология, химия және география пәндерінен тұратын табиғат құпияларын ашуға арналған шынайы шытырман. Оқушылар жасырын тапсырмаларды шеше отырып, ғылым теңізіндегі өз қазыналарын табуға тырысты.
Интеллект, тапқырлық пен ұжымдық рух сынға түскен бұл квест – апталықтың жарқын сәттерінің біріне айналды! #ЖаратылыстануАпталығы #ҒылымТеңізі #КарибКемесі