Ұжымда жағымды әлеуметтік-психологиялық климат орнату мақсатында кеше мектептің педагог-психологтары мұғалімдерге арналған "Біз біргеміз" атты тимбилдинг ұйымдастырды.
Міндеттері:
- ойын барысында жағымды атмосфера құру;
- ортақ іс-әрекет негізінде бірін-бірі қолдау;
- өзара сенім қалыптастыру;
- біртұтас команда моделін қалыптастыру.
Тимбилдинг өте көңілді және ерекше түрде өтті, барлық ұстаздар белсене қатысты.