2012–2025 жылдары аралығында республикалық пәндік олимпиадалардың барлық кезеңдерінде қолданылған тапсырмалар қоры жинақталып, жүйелендірілді.
Бұл жұмыс білім беру сапасын арттыру, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту және оларды ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандыру мақсатында жүзеге асырылды.
Жинақталған тапсырмалар қоры оқушыларды пәндік олимпиадаларға сапалы әрі жүйелі дайындауға, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және терең білім алуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл материалдар мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін арттыруға, сабақта және үйірмелік жұмыстарда тиімді әдістерді қолдануына мүмкіндік береді.
Тапсырмалар әр пән және кезең (мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық) бойынша сұрыпталып, құрылымы мен мазмұнына қарай жүйелендірілген.
Бұл қор білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға, олимпиадалық дайындықты талдауға және тиімді оқу стратегияларын әзірлеуге бағытталған құнды әдістемелік құрал ретінде кеңінен қолданылады.