Ақпараттық технологиялар апталығының қорытындысы

Сәуір айының  10-14 күндер аралығында  мектепте «Ақпараттық технологиялар» апталығы өткізілді.

Апталықтың мақсаты: информатика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи  тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

Апталықтың жоспары жылдық жоспарға сай жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.      Апталық барысында  мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай  өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, апталық газеті,  олимпиадалар, сыныптан тыс іс- шаралар.

Апталықтың жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы  күні оқушылар «Сөйлейтін қалпақ» арқылы таныстырылым   өткізілді.

Апталық аясында күн сайын пән бойынша «Ақылды үзілістер» оздырылды.

ЭЕМ даму тарихымен танысу мақсатында 7-11 сынып оқушыларына көрме ұйымдастырылды.

9-10 сыныптар оқушылар үшін «Табыс көзі -БІЛІМДЕ», «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» интеллектуалды ойыны өтті.

Апта ағымында келесі ашық сабақтар берілді: 9 сыныпта Муханбеткалиев О.Ж «Артқы фон мен ойын кейіпкері», 7 сыныптарда Кожахметова Л.А «Алгоритмді программалау», Байхан Б.Ж «Алгоритмді программалау».

Олимпиада резерв оқушыларын дайындау мақсатында 7-10 сынып оқушыларына  IT CODE CUP бағдарламалау конкурсы болды.

Оқушыларды сергіту мақсатында КВЕСТ, Киберспорт ойындары өткізілді.

Мамандыққа баулу мақсатында шетел компанияларымен жұмыс жасайтын өңірдің «Jaiyq Development» компаниясының IT мамандармен кездесу өткізіліп, жұмыс бағытымен танысып келді.

Үйірме жұмыстары бойынша робототехникадан мектеп оқушылары дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушыларымен  ROBOT X жолдастық кездесу өткізілді.

Апталық аясында 7-11 сыныптар үшін «Менің лицейім» сырттай видеобайқау оздырылды.

Апталыққа оқушылар белсенді қатысып, қорытындылау кезеңінде  олимпиада, сайыстардың жеңімпаздары арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Бүгін 21

Кеше 11

Осы аптада 21

Осы айда 144

Барлығы 7547

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты

Қазақстан Республикасы, 090000

Орал қ., Сүндетқали Есқалиев к., 107

Телефон/факс: +7(112) 514243, +7(7112) 514243

Лицейдің сенім телефоны 8 (7112) 51 09 59

Ұлттық сенім телефоны 111

БҚО білім басқармасының сенім телефоны 8(7112) 26 04 63

it-lyceum.edu.kz

Посмотреть на карте Уральска