Мазмұнға өту

Жоба атауы: «Кітап оқу сәні»

6 желтоқсан 2023 Жаңалықтар
Жоба атауы: «Кітап оқу сәні»

Жоба мақсаты:

— Оқушылардың оқу дағдысын,оқу сауаттылығын қалыптастыру;

— Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру;

— Балалардың ой-өрісін дамытуда ең үлкен ұлы тәрбие құралы кітап екенін түсіндіру;

— 5 минут кітап оқу уақытына берілген шығармаларды, қиял ұшқырлықтарына қарай сыныппен бірлесе отырып қорғау.

Жоба кезеңдері:

— кітаптарды жас ерекшеліктеріне сай үлестіру (1-10 қыркүйек).

— 5 минут кітап оқу уақытында берілген шығарманы оқу (жұмасына 1 рет).

— берілген шығарманы оқып бітіру (1 желтоқсанға дейін).

— оқыған шығармаларын сынып болып қорғауға ұсыну (10 желтоқсан-10 сәуір).

Қамтылатын оқырмандар: 7-10 сынып оқушылары

Әрбір сынып оқушыларына оқу үшін төмендегідей көркем әдебиеттер бөлініп берілді.

7-сынып оқушыларына Б.Соқпақбаевтің «Балалық шаққа саяхат» және М.Әуезовтің «Көксерек»

8-сынып оқушыларына Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Міржақын Дулатұлының «Бақытсыз Жамал»

9-сынып оқушыларына Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма», Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан», Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі»

10-сынып оқушыларына Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Сәкен Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй»

Жоба ұйыдастырушылары: кітапханашылар, сынып жетекшілер

Жоба қорытындысы: «Үздік оқырман сынып», «Үздік оқырман», «Ұшқыр ойлы сынып» аталымдарын анықтап, марапаттау

Басқа жаңалықтар