Жандарбек Бұлғақтың «Сөз менеджменті» кітабы бойынша кезекті кездесу

«Кітап талқы алаңы» жобасы аясында Жандарбек Бұлғақтың «Сөз менеджменті» кітабы бойынша кезекті кездесу өтті.
Талқылау барысында қатысушылар сөздің адам өміріндегі маңызы, ойды анық әрі әсерлі жеткізу және қарым-қатынас мәдениеті туралы пікір алмасты. Сонымен қатар түрлі жағдаяттарды шешу жолдарын сөз арқылы жеткізуге бағытталған тапсырмалар орындап, өзара тәжірибе бөлісті.
Кездесу қатысушылардың сөз саптау шеберлігін шыңдап, ойын жүйелі жеткізуге және сөз құдіретін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.






