XҮІІІ облыстық «Апельсин-2023» физика-техникалық турнирі

16 қараша күні ХҮІІІ облыстық «Апельсин-2023» физика-техникалық турниріне қатысып қайтқан 11 сынып оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, жеңіспен оралды.
Муратова Жанар, Гарифоллаева Айкен, Кадер Анеля және Махмут Анеля турнирдің «Үздік физик-экспериментші» турында жоғары білім деңгейлерін көрсетіп І орынды иеленсе, 11А сынып оқушысы Муратова Жанар турнирдің «»Үздік физик-теоретик» турында белсене қатысып, «Алғыс хатқа» ие болды. Жалпы командалық есеп бойынша мектеп командасы үздік нәтижемен турнир жеңімпаздары атанып, І орынмен марапатталды.







