Мазмұнға өту

Тамаша экологиялық іс-шара өтті

16 мамыр 2025 Жаңалықтар
Тамаша экологиялық іс-шара өтті

Бүгін мектебімізде тәрбие бөлімімен, химия пәнінің мұғалімі Р.Қ. Қоныспай және биология пәнінің мұғалімі Г.И. Хамитқызының ұйымдастыруымен тамаша экологиялық іс-шара өтті.

11-сынып оқушылары мектеп ауласында қытай раушаны мен петуния гүлдерін отырғызып, оларды өздерінен кейінгі буын – 10-сынып оқушыларына табыстады.

Сонымен қатар, «Түлектер аллеясын» қалыптастырып, мектепке деген риясыз сүйіспеншіліктерін жарқын іспен көрсетті.

Бұл шара – оқушылардың табиғатқа жанашырлығын, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты арттыруға бағытталған.

Бұл игі дәстүрді жыл сайын жалғастыру жоспарлануда.

Фотогалерея

Тамаша экологиялық іс-шара өттіТамаша экологиялық іс-шара өттіТамаша экологиялық іс-шара өттіТамаша экологиялық іс-шара өттіТамаша экологиялық іс-шара өттіТамаша экологиялық іс-шара өттіТамаша экологиялық іс-шара өттіТамаша экологиялық іс-шара өттіТамаша экологиялық іс-шара өттіТамаша экологиялық іс-шара өтті

Басқа жаңалықтар