Мазмұнға өту

«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы

12 ақпан 2026 Жаңалықтар
«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, 12–20 ақпан аралығында мектебімізде мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасында ерекше рухани акция ұйымдастырылады.

Бұл жолы кітаптар кітапханаға емес — бір-бірімізге сыйланады ?
Кітап — жай ғана сыйлық емес, ол — жүректен шыққан ой, ықылас пен құрметтің белгісі.
Өзіңіз жақсы көрген кітапты бір жанға арнап, ішіне жылы тілек жазып сыйлауға шақырамыз.
✨ Кітап арқылы жүректерді жақындатайық!
Қатысуға ниет білдірушілерді күтеміз!

#КітапСыйла #ШынЖүректен #ХалықаралықКітапКүні #ОқуғаҚұштарМектеп

Басқа жаңалықтар