Мазмұнға өту

“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара

7 наурыз 2025 Жаңалықтар
“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара

Бүгін лицейімізде көктемнің ең жарқын әрі жүрекке жылу сыйлайтын мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай “Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара өтті. Бұл мерекелік кештің басты мақсаты – аналарымызға, ұстаздарымызға және барша қыздар қауымына құрмет көрсету, олардың мейірімі мен махаббатына алғыс айту болды.

Оқушылар өздерінің өнерлерін ортаға салып, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады. Әсем әндер шырқалып, жүрекжарды өлеңдер оқылды, әсерлі көріністер қойылып, мың бұралған бишілер өз өнерлерін көрсетті. 
Мерекелік шара ұжымның ер азаматтары ұйымдастырған әсерлі концертпен жалғасын тапты. Ер-азаматтар аяулы арулар мен ардақты аналарға деген құрметін әнмен, жырмен жеткізіп, жүрекжарды құттықтауларын арнады. Көңілді қойылымдар мен жанды дауыста орындалған әсем әндер мерекелік кештің сәнін кіргізіп, барша көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Көктемнің шуағындай жылы лебіздер айтылып, гүлдей құлпырған мерекелік кеш жиналған нәзік жандыларға ұмытылмас әсер қалдырды. Бұл күн – аналарымыз бен апайларымызға алғыс білдіретін, олардың мейірімі мен махаббатын ұлықтайтын ерекше күн. 

Фотогалерея

“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара“Шуағың әлемді жылытады” атты ерекше шара

Басқа жаңалықтар