Мазмұнға өту

Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған интеллектуалды сайыс өтті

1 желтоқсан 2025 Жаңалықтар
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған интеллектуалды сайыс өтті

Лицейімізде ұлы ғалым, саяхатшы және ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған интеллектуалды сайыс өтті. Жарысқа 7–10 сыныптың ең алғыр, білімқұмар оқушылары қатысып, өзара зияткерлік додада бақ сынады.

Қатысушылар Шоқанның өмірі, еңбектері, зерттеулері мен тарихи мұрасына қатысты түрлі кезеңдерден өтіп, білім деңгейін жан-жақты көрсетті. 

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталып, лайықты мақтау қағаздары мен сыйлықтарын алды.

Лицейіміздің жас зияткерлері тағы да өздерінің білімге деген талпынысы мен биік мақсаттарын дәлелдеді.

Фотогалерея

Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған интеллектуалды сайыс өттіШоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған интеллектуалды сайыс өттіШоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған интеллектуалды сайыс өттіШоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған интеллектуалды сайыс өтті

Басқа жаңалықтар